Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Қостанайда полиция жүк көлігінен 1,5 тоннаға жуық насыбай мен снюс тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаладағы сауда базарларының біріне Шымкенттен аталған жүкті заңсыз жеткізген ауыр жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі ұсталған.
Тінту барысында салмағы бір жарым тоннаға жуық 50-ден астам қорап тәркіленді. Қораптардың ішінде снюс және насыбайдың бірнеше түрі болған, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, жүк қапшыққа салынған пияздардың арасына жасырылған. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.