Арқалықта 13 адам эвакуацияланды
Төтенше жағдай тіркелді
Қостанай облысында өрт сөндірушілер 13 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Арқалық қаласында Байтұрсынов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде бірінші қабаттағы пәтерде электр велосипедтің аккумуляторы жанған.
ТЖМ күшімен түтін аймағынан баспалдақ маршы арқылы 13 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды, – деп қосты ведомство.
Бірнеше минут ішінде өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізді. Жалын себебінің электр велосипед аккумуляторының қысқа тұйықталуы екені анықталды. От өздігінен сөніп, бөлме түтіннен желдетіп тазартылды. Зардап шеккендер жоқ.