Halyq Uni логотип
×

Биыл Алматыда заңсыз айналымнан 320 келі есірткі тәркіленді

Жүздеген заңбұзышылық тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 09.10.2024 | 11:06
Биыл Алматыда заңсыз айналымнан 320 келі есірткі тәркіленді
фото: polisia.kz

Биыл қаланың тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 320 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қалалық қоғамдық кеңес отырысында есеп берген Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров жыл басынан бері қалада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 530 құқық бұзушылық анықталғанын айтты. Polisia.kz мәліметінше, заңсыз айналымнан 326 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 50 келісі – синтетика.

Есірткі қылмысы – қоғамымыздың жантүршігерлік дерті. Оның кесірінен көптеген азамат зардап шекті. Жылдан жылға есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері жедел бөлімшелер синтетикалық есірткі өндіретін 14 зертхананы жойып, 74 есірткі қойып кетушіні қолға түсірді.  Есірткі құралдарының таралуы туралы мәліметтерді қамтитын 9186 граффити сурет табылып, өшірілді. Есірткіні таратумен және жарнамалаумен айналысатын 415 интернет-сайт анықталды және бұғатталды, – деді Заппаров. 

ПД дерегінше, жалпы жедел-іздестіру шараларымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атқарушы билік органдарымен бірлесіп, қаланың білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы 551 профилактикалық іс-шара өткізілді. Әлеуметтік бейнероликтер қоғамдық орындарда, оның ішінде 8 метро станциясындағы 42 мониторда анонимді сенім нөмірлерін көрсету арқылы көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама