ШҚО-да оқушы қыздар бір бойжеткенді ұрып-соғып, ақша бопсалаған (ВИДЕО)

Халық үні

Үш қыз «Ұрмаңдаршы, өтінемін» деп жалынған жәбірленушіні тізерлетіп отырғызып қойды

фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіге Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім қыздар арасында түсірілген видео тарады. Одан оқушы қыздың басқа қыздардан тізерлеп кешірім сұрап отырғанын көруге болады. Ал видеоны түсірген 3 қыз темекі шегіп, жәбірленушіні балағаттап, ұрып, қоқан-лоққы көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Олардың бірі – бокс үйірмесіне қатысып жүрген қыз жәбірленушіні жақтан бірнеше рет ұрған. Оларға шарасыз оқушы «ұрмаңдаршы, өтінемін» деп жалынған. Алайда 3 қыз оны тізерлетіп отырғызып қойып, 10 мың теңге ақша бопсалаған. Сондай-ақ оның құрбысына да келесі күні 10 мың теңге алып келуге «сәлем айтып» жіберді.

Ертең екеуің 10 мың теңгеден 20 мың теңге қосыңдар. 20 мың теңге Kaspi-де тұратын болсын, – дейді темекі шегіп тұрғындардың бірі.

Жергілікті полиция болған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Жанжалға қатысы барлардың бәрі анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ата-аналарымен полицияға жеткізілді. Сондай-ақ барлық құқық бұзушылардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі қарастырылады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдауға материал дайындалып жатыр, – деп мәлімдеді полиция.