Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге кеңес берілді
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде Қарқаралы ауданындағы өртке қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, желіде тексерілмеген мәліметтер жарияланып жатыр. Мұндай жалған мәліметтер келеңсіз қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де теріс әсер ететіні атап өтілді.
Көрінеу жалған ақпарат тарату – қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған байланысты, Қарқаралы ауданының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және осы құқықбұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады, – делінген хабарламада.