Алматылық кәсіпкерлер іргелес аумақ тазалығын қамтамасыз етуге міндеттеледі

Қымбат Елтайқызы

Бұл үшін арнайы құжат бекітілді

фото: Алматы әкімдігі

Алматыда кәсіпкерлерге абаттандыру төлқұжаты беріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру төлқұжатына қол қойды. Бұл – ыңғайлы әрі қауіпсіз қалалық орта құру стратегиясының бір бөлігі. Алматыда 5 мыңнан астам нысан төлқұжаттаудан өтуі керек. Процесс үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде магистральдық көшелер қамтылған. Кейін қалалық және аудандық маңызы бар көшелерге кезек келеді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Құжат кәсіпкерлердің тазалықты сақтау жауапкершілігіне қатысты аймақтарды анықтайды. Олар іргелес аумақтардағы тәртіпті қамтамасыз етуге міндеттеледі. Жаңа ережелердің сақталуын абаттандыру және экология бөлімдері қадағалайды. Ереже бұзғандарға айыппұл салынады, – деп қосты ведомство.

Бастаманы қолдап, қаламызды таза ұстауға атсалысыңыздар, деп ескертті мамандар.