Halyq Uni логотип
×

Қазақ ғалымы қымыз бен саумалға патент алды

Петент алуға үш жыл уақыт кеткен

 Айнұр Шошаева 13.06.2022 | 11:04
Қазақ ғалымы қымыз бен саумалға патент алды
коллаж: Halyq Uni

Қазақстандық кәсіпкер-ғалым, қазақ-неміс «Қымыз» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айтуған Мұқашев капсуладағы қымыз бен саумалға патент алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанда капсуладағы қымыз бен саумал сатып жүрген компаниялар көп. Алайда бұған дейін олардың ішінде патент алғаны жоқ.

«Олар басында менен алып сатып жүрген. Қазір қайдан алып сатып жатқандарын білмеймін. Себебі мен бастапқыда өзім сатқан жоқпын, сертификат жасап желілік компанияларға бердім. Қарасам олардың қатары көбейіп кетіпті, патент алдым. Патенттелмеген дүниені халық өзі тексеріп көрсін. Өйткені оларда зауыт жоқ. Басқа компаниялар нені сатып жүргенін дәлелдеп берсін», - дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ кәсіпкер қымыздан жасалған сусабын мен сабынға да патент алды. Жалпы, өндірісті жолға қою үшін 20 жыл жұмыс істегенін айтады.

Қазір бізде сатудың жаңа жолы қойылып жатыр. Өнімдерімізді Қазақстаннан бөлек, Ресей, Англия, Германия, Франция, Қытайдан алып жатыр. Арнайы бір мемлекеттерге экспортқа шығарған жоқпыз. Интернетте болғаннан кейін кім қалай көреді, тапсырыс беріп алып жатады, - деп қосты ғалым.

Оның айтуынша, патент алу үшін үш жыл уақыт кеткен.

«Саумал, қымыз, сусабын мен сабынға алдым. Енді тағы 6-7 өнімге беріп қойдым. Бірақ бұл патентті алу үшін үш жылдай уақыт кетіп қалды. Өте көп қиындықтар болды. Мәселен, патенттік бюрода ғылымнан хабары жоқ, институтты кеше бітірген адамдар отыр», - деп қорытындылады Айтуған Мұқашев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама