Конституциялық сот Қылмыстық-атқару кодексі нормасының заңға сәйкестігін тексереді

Қымбат Елтайқызы

Азаматтың өтініші бойынша Конституцияға сәйкестік тексерілмек

фото: Конституциялық сот

Конституциялық сот Қылмыстық-атқару кодексі нормасының Конституцияға сәйкестігін тексереді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Конституциялық сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша, Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, – деп мәлімдеді Конституциялық сот.

Дауланып отырған нормаға сәйкес, жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу, сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану, сондай-ақ босатылатын сотталғандарға көмек көрсету оларды орындау кезінде қолданыста болатын Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.