Halyq Uni логотип
×

Алматылық жас сарапшылар АЭС салу болашағын талқылады

Жиын комьюнити орталықта өтті

 Динара Амантай 08.10.2024 | 10:03
Алматылық жас сарапшылар АЭС салу болашағын талқылады
Фото: Алматы комьюнити орталығы

Алматы қаласы Ауэзов ауданындағы комьюнити орталығында елімізде АЭС салу мәселесі және референдум қорытындысы талқыланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жиынға қала белсенділері, студенттер және энергетика саласының мамандары қатысып, елімізде болашақта энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуу жолында АЭС-тің рөлі туралы пікір алмасты.

Кездесуде жас сарапшылар АЭС салудың еліміз үшін маңызды қадам екенін атап өтіп, жобаны қолдайтындарын білдірді. Олардың айтуынша, атом энергиясы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, тұрақты даму жолында маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, жастар АЭС-тің тек энергия көзін ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен жастарды жұмыспен қамтитын жоба екенін айтты.

«АЭС құрылысы көптеген жаңа жұмыс орындарын ашып, жоғары технологиялық салаларды, соның ішінде ғылым мен инженерияны дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жас буын үшін үлкен мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. сонымен қатар болашақта кәсіби өсуге және жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік береді, – деді Маханбет Бауыржан.

Кездесу соңында қатысушылар АЭС салу Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігіне, экономикалық тұрақтылығына және экологиялық қауіпсіздігіне апаратын маңызды қадам деген ортақ пікірге келді.

Ауэзов ауданындағы комьюнити орталықта өткен бұл жиын АЭС салудың болашағын талқылаумен қатар, еліміздің тұрақты дамуына атсалысатын жаңа буын мамандарының қалыптасуына ықпал ететін маңызды оқиға болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама