Halyq Uni логотип
×

Екпінді жел өрт сөндіруді қиындатып отыр – Қарқаралы ауданының әкімі

Қарағанды облысындағы алапат өрт аумағы 35 мың гектарға жеткен

 Қымбат Елтайқызы 08.10.2024 | 09:45
Екпінді жел өрт сөндіруді қиындатып отыр – Қарқаралы ауданының әкімі
фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі алапат өрт туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қарағанды облысындағы дала өртін жою үшін барлық шара қабылданып жатыр. Күш пен қаражат жеткілікті. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов қазіргі жағдай жайлы айтып берді, деп мәлімдеді облыс әкімдігі.

Теректі ауылында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрдің қатысуымен жедел штаб ашылды. Өртті жою бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Күш пен қаражат жеткілікті. Жанар-жағармай материалдары толығымен қамтамасыз етілген. Құтқарушыларға тамақ пен су жеткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мал шығыны жайлы ақпарат жоқ. Алайда біз барлық фермермен байланыстамыз. Өрт ауданы – 35 000 гектар, – деді Арғынов.

Ол барлық жұмыс штабтың бақылауында екенін атап өтті. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді. Өртті сөндіруді қатты екпінді желдің соғуы қиындатып отыр.

Дала өртін сөндіру кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты. Ермағанбет Бөлекбаев қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтты. «Өрттен зардап шеккендерге қаражат жинап жатыр»: аудан әкімі үндеу жасады (ВИДЕО).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама