×

«Үш күн футбол ойнау қиын екен»: бүгін Қазақстан мен Словакия кездеседі

Матч сағат 20.00-де «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 10:58
фото: ашық дереккөз

Бүгін кешкі сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Словакия командасымен UEFA Ұлттар лигасының төртінші турында кезекті матчын өткізеді.

Осы матч алдында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов команданың Словакияны жеңуге тырысатындарын айтты.

– Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етіп жатыр? 

– Үш күн футбол ойнау қиын екен. Бірақ, амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Словакиямен ойынға дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз. 

– Сізді голдарыңыздан кейін жанкүйерлер Роналдуға теңеп жатыр екен. Бұған қалай қарайсыз? 

– Әрине, жанкүйерлердің Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғандары жақсы. Бірақ, мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін. 

– Қазақстан чемпионаты бел ортасына келді. Словакияда ол аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па? 

– Мұны Словакиямен ойын көрсетеді.

Бүгінгі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әзірше турнир кестесінде Қазақстан құрамасы жеті ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында отандастарымыздың бүгінгі қарсыласы - Словакия командасы.

Қазақстан құрамасы бірінші ойында Әзербайжанды 2:0, одан кейін сырт алаңда Словакияны 1:0 есебімен жеңсе, Беларусьпен 1:1 есебімен тең түсті.

Матчта бельгиялық Брамом ван Дриске бас төреші қызметін атқарады. Оған оның отандастары Ромен Девийерс пен Кевин Монтени көмектеседі. Қосалқы төреші де бельгиялық Жонатан Лардо. Сондай-ақ, төрешінің видео жөнінен көмекшісі нидерландылық Ингмар Оустром болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06