Ер адам артынша өзіне қол салған
Атырау облысында 25 жастағы ер адам ата-анасын өлтіріп, содан кейін өзіне қол салған. Ақпаратты облыстың полиция департаменті растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алдын ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазір оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.
Полиция департаментінде адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.