Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді

Ер адам артынша өзіне қол салған

 Халық үні 07.10.2024 | 11:57
Атырау облысында 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді
Фото: Halyq Uni

Атырау облысында 25 жастағы ер адам ата-анасын өлтіріп, содан кейін өзіне қол салған. Ақпаратты облыстың полиция департаменті растады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алдын ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазір оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.

Полиция департаментінде адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама