Оған медициналық көмек көрсетілді
Қызылордада құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен 7 жасар балаға көмектесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған. 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айыр кіріп кеткен.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдың көмегімен айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты.
Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.