Барлық учаскеде дауыс беру аяқталды
АЭС бойынша өткен референдумда 7,5 млн қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін кешкі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республикада 7 млн 820 мың 918 азамат бюллетень алды. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 63,87%-ына тең, - деді Мұхтар Ерман.
Өңірлер бойынша көрсеткіш төмендегідей:
Сондай-ақ Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы барлық учаскеде дауыс беру аяқталғанын атап өтті.
Учаскелік комиссиялар дауыс санауға кірісті. Қолданыстағы заң нормасына сәйкес, дауысты есептеу уақыты санау басталған сәттен бастап 12 сағаттан аспауға тиіс. Ертең таңертең өңірлік комиссиялар электронды байланыс арнасы арқылы Орталық референдум комиссиясына дауыс берудің алдын ала нәтижесін хабарлайды. Қазір бізде тек дауыс беруге қатысудың алдын ала қорытындысына қатысты жедел деректер бар, – деді ол.
Референдумның алдын ала қорытындысы ертең арнайы брифингте хабарланады.
Айта кетейік, сайлаушылар тізіміне 12 млн-нан аса қазақстандық енгізілді.
Бұған дейін елімізде АЭС құрылысы бойынша референдумның аяқталғаны хабарланған еді.