Қоянды ауылынан басталған өрт салдарынан төрт адамды күйік шалды
Бүгін жалын Баянауыл ұлттық паркінің аумағына өткен
Қарағанды және Павлодар облыстарындағы дала өрті 3 мың гектар аумақты шарпып, 4 адамды күйік шалды.
Өрт Қарағанды облысының Қоянды ауылы маңынан шықты. Онда құрғақ шөп өртенген.
Өртті сөндіру кезінде 3 өрт сөндіруші мен 1 ауыл тұрғынын күйік шалып, олар Қарағандыға тікұшақпен жеткізілді.
Күндізгі уақытта өрт Баянауыл ұлттық паркінің аумағына өткен.
Желтау ауылының тұрғындары – 18 адам (оның 8-і – бала) эвакуацияланды.
Өрт орнында қазір Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов жүр. Жалынды сөндіруге 56 техника мен 4 тікұшақ жұмылдырылған.