Сыйға алған көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы бір темір тұлпар табысталды

Халық үні

Енді ол көлікті қалай пайдаланатыны белгісіз

фото: Алматы қалалық бокс федерациясы

Бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай екі көлігін сатып жіберсе де тағы бір көлікке ие болып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға бұған дейін 3 көлік тарту етілген болатын. Спортшы оның екеуін, яғни Zeekr мен Mini Cooper-ді сатуға қойды. Себебі ол ақшаға мұқтаж екен.

Дегенмен жуырда ғана Алматы қалалық бокс федерациясы Назым Қызайбайды жазғы Олимпиадада қола жүлде алуымен құттықтап, тағы бір көліктің кілтін ұстатты. Спортшының енді ол көлікті қалай пайдаланатыны белгісіз.