Halyq Uni логотип
×

Полиция Талғарда адам атып өлтіргендерді қалай ұстағандарын көрсетті (ВИДЕО)

Атыс 4 қазанға қараған түні Менделеев көшесінде болған

 Халық үні 04.10.2024 | 21:28
Полиция Талғарда адам атып өлтіргендерді қалай ұстағандарын көрсетті (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

Желіде Талғардағы дүкендердің бірінің маңында атыс дауысы естілгені туралы ақпарат тарады. Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қатты қорықтық. Бірден 103 және 102-ге хабарластық. Менделеев көшесіндегі «қытай дүкенінде» шамамен сағат 02:30-да атыс болды, - дейді куәгерлер.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында бір топ жас жігіттің арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.

Жанжал салдарынан 2 жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың бәрі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ Алматы облысының полиция департаменті сол төбелеске қатысушыларды қалай ұстағандарын көрсетті.

Қазір істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама