Дәрігерлер қыздың омыртқасына күрделі ота жасады

Динара Амантай

Бала 2,5 млн теңгенің операциясын тегін өтті

Фото: Halyq Uni

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында хирургтар жас пациентке ауыр сколиоз бойынша түзету операциясын жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Орталық мамандары омыртқа патологиясын түзету бойынша алғашқы сәтті операцияны 2013 жылы жасаған болатын.

Біз Наргизға денсаулығын қалпына келтіруге көмектесе алғанымызға қуаныштымыз. Операция сәтті өтті. Енді қыз бала ұзақ жылдар бойы оны мазалаған ауырсынудан құтылып, ұзақ өмір сүреді, – деді емдеуші дәрігер Максим Орловский.

МӘМС жүйесінің арқасында мұндай күрделі хирургиялық араласулар қолжетімді болды. Наргиз әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысудың арқасында құны шамамен 2,5 млн теңге болатын операциядан өте алды.