Өзін Талғар қаласының әкімі лауазымына ұсынған Назарбаев сайлауда ең аз дауыс жинады
Талғар қаласының әкімі сайланды
Талғар қаласының әкімі болып Бақыт Күрішбеков сайланды. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, оған сайлауға қатысушылардың 23,77% дауыс берген. Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында туған. 32 жаста. Мамандығы - экономист. Сайлауға дейін Amanat партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеген.
Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер таласты. Бақытжан Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63% дауысқа ие болды, Нұрбек Даулетбақовты сайлаушылардың 17,84% қолдаған. Сапарбек Назарбаев 7,70% дауыс жинады.
218 сайлаушы бәріне қарсымын десе, бүлінген және дұрыс қолданбаған бланк саны - 93 болды.