Домофонды кірпішпен сындырған астаналық қамауға алынды
Ол кілтін үйінде ұмытып кеткен
Домофонды кірпішпен сындырған мас астаналық 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға таңғы уақытта болған. 26 жастағы мас ер адам үйде кілтін ұмытып кеткен. Содан кіреберіске кіре алмай, домофонды кірпішпен сындырған. Оның бұл әрекеті бейнекамераға жазылған.
Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген құқықбұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.