Halyq Uni логотип
×

Сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірлеуге 160 млн теңге жұмсалды – ғалымдар

Казіргі уақытта бұл материалдарды сертификаттау процестері жүріп жатыр

 Қанат Атаманов 13.06.2022 | 08:30
Сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірлеуге 160 млн теңге жұмсалды – ғалымдар
Фото: inform.kz

Қазақ жану мәселелері институтының профессоры Зұлқайыр Мансұров сүйекті қалпына келтіруге арналған биоматериал қалай жасалатыны туралы айтып берді.

2008-2010 жылдары Мысырдан келген аспирантым Ахмет Ханур бізде әлі синтезделмеген, бірақ сатылымда бар гидроксиапатитті қолдану жұмысын жүргізген. Оны титан импланттар бетіне жағып, кандидаттық диссертациясын қорғап, кетіп қалды. 2017 жылы Шыңғыс Дауылбаев екеуміз оның диссертациясының тақырыбын анықтадық – «Гидроксиапатитті қолдану синтезі, оны жұмыртқа қабығынан және фосфор қышқылынан алу» , - деп баяндады Зұлқайыр Мансұров.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде материалдың сапасы жақсы екені белгілі болды.

«Оның диссертациясының негізінде біз ғылыми қорға гидроксиапатит синтезін тапсырдық. Бізге 160 миллион теңге бөлінді, таза бөлме жасадық. Казіргі уақытта бұл материалдарды сертификаттау процестері жүріп жатыр. Биоматериал өте жақсы қасиеттерін танытты - 97-98% тазалық. Бұл жұмысты профессор Темірбаевпен бірлесе атқарып жатырмыз, ол қазірдің өзінде оны тәжірибе барысында пайдаланып жатыр», - деп қосты профессор.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық ғалымдар сүйек тінін қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал – гидроксиапатитті ойлап тапты. Ол биологиялық шикізаттан термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар және «посттермиялық» күйдіру арқылы алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама