Halyq Uni логотип
×

Референдум: шетелде 12 мыңнан аса қазақстандық дауыс бере алады

59 мемлекетте референдум учаскесі ашылады

 Дәурен Ерболат 04.10.2024 | 12:35
Референдум: шетелде 12 мыңнан аса қазақстандық дауыс бере алады
Фото: zakon.kz

Биыл 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда шетелдегі 12 мыңнан аса қазақстандық дауыс бере алады. Бұл туралы СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан азаматтары шетелде дауыс беруі үшін қажет жағдай жасалды. Біз міндетімізді толық орындадық. Дауыс беретін азаматтардың тізімі жасалды. Олардың жалпы саны – 12 485 адам. Сыртқы істер министрлігіне 12 611 бюллетень бөлінді. Қазақстанның 59 елдегі мекемесінде 74 учаскелік комиссия құрылды, - деді елші Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Алуа Нәдірқұлова Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты онда референдум учаскесі ашылмайтынын еске салды.

Израиль, Ливан мен Ирандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мұнда референдум учаскелері уақытша ашылмайды. Жалпы дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны: Израильде – 53 адам, Иранда – 132 адам, Ливанда – 43 азамат. Жалпы 228 азамат бар. Осы елдердегі қазақстандықтарды аса қажет болмаса, тұрып жатқан жерінен шықпауға шақырамыз,- дейді ол.

Бұған дейін СІМ Таяу Шығыстағы қақтығыстан қазақстандықтар зардап шекпегенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама