Президент сот отырысының онлайн көрсетілгеніне пікір білдірді

Дәурен Ерболат

Тоқаев судьяларды іріктеу мен біліктілігіне ерекше назар аудару қажет екенін айтты 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда сот отырысының онлайн көрсетілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биылдан бастап сот отырысы онлайн режимде көрсетіле бастады. 2 сот процесі көрсетілді және сот жүйесінің ашықтығының арқасында миллиондаған адам сол сәтте бақылай алды. Бұл жағдай азаматтарымыздың үлкен сенімін оятады. Бұл – бұрын болмаған жаңашылдық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан судьялардың IX съезінде.

Президенттің пікірінше, судьялар мен прокурорларға талап күшейген. Олардың әрекетін еліміздегі барлық азамат ашық көре алған. Бұл онлайн сот процесінің ұтымдылығын көрсетеді.

Жастар тарапынан заңгер мамандығына деген сұраныс артып келеді. Бұл біздің қоғам үшін өте маңызды. Өйткені, жас ұрпақ осындай жоғары білікті судья бола алатынын көре алады, - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың біліктілігін арттыру маңызды екенін атап өтті.

Сот процесін онлайн өткізу азаматтардың құқықтық сауатын арттырады, заң мен құқық үстемдігін күшейтеді. Судьяларды іріктеу мен біліктілігіне ерекше назар аударуымыз керек. Бұл істерді қарау үшін маңызды. Себебі, заңдың үстемдігін ғана емес, сот төрелігін іске асыру сапасын да қамтамасыз ету керек. Сондықтан бізге жоғары білікті адал кадрлар қажет, - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2024 жылы қазақстандықтар бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі онлайн бақылай алды.