Олар бөбектер үйінде 3-4 жасқа дейін немесе асырап алғанға дейін тұрады
Қазақстанда былтыр 12 айда бөбектер үйіне түскен балалар саны 8,5%-ға өскен, деп хабарлады Halyq Uni Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 2023 жылы балалар үйіне 4 жасқа дейінгі 1,3 мыңға жуық сәби жіберілді. Бұл – соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш.
Ол балалар бөбектер үйінде 3-4 жасқа дейін немесе асырап алғанға дейін тұрады. Шекті жас басталғаннан кейін балалар басқа мекемелерге – балалар үйіне, интернаттарға немесе арнайы медициналық мекемелерге ауыстырылады.
Жыл соңында балалардың саны шамалы өзгереді. Ұлттық статистика бюросы «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметінше, 2022 жылы осындай 701 бала, былтыр 711 бала болған. Жалпы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлық жастағы кішкентай қазақстандықтардың саны соңғы бірнеше жылда 11,8% қысқарды.
2024 жылдың басында Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің дерегінше, елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21,4 мың бала бар. Ал 2019 жылы олардың саны 24,2 мың болған.