Түркістанда 74 жастағы қария ауыр бөренені 10 рет көтерді (ВИДЕО)
Арқан тарту, қазақ күресі, қол күрес, асық ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу сияқты ойындар да дәріптелді
Түркістанда 74 жастағы қария 45 келі бөренені 10 рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Halyq Uni облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, Түркістандағы этноауылда Ордабасы ауданының мәдениет күндері аясында ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрлерінен сайыстар өткен болатын. Іс-шараны тамашалауға келген түркістандық 74 жастағы қария 45 келі бөренені 10 рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды.
Сонымен қатар арқан тарту, қазақ күресі, қол күрес, асық ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу сияқты ойындар дәріптелді. Белсене атсалысып, жеңіп шыққан қатысушылар марапатталды.
Шара барысында көпшілік назарына ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларының көрсеткіші мен өнімдері және «Ордабасы тартулары» атты ұлттық тағам көрмесі, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылды.