Елорда тұрғыны әйелін темірмен ұрып, өзі 10-қабаттан секіріп кеткен

Халық үні

Әйел ауруханаға жатқызылды

фото: Halyq Uni

Астанада ер адам әйелін ұрып-соғып, денесін жарақаттаған. Артынша өзі 10-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 1 қазанда сағат 23:36-да болған. Жұбайлар арасында жанжал туындаған. Күйеуі әйелді темір кілтпен (гаечный ключ) ұрған.

Полицияға өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, содан кейін өзі тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.