×

Финляндия Швециясыз НАТО мүшелігінен бас тартады

Столтенберг Финляндияға НАТО мүшелігіне Финляндияның өтінішін талқылау үшін сапармен келген болатын

 Қанат Атаманов 13.06.2022 | 06:30
Фото: inform.kz

Финляндия президенті Саули Ниинисте НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергке Финляндия Швециясыз одаққа мүше болудан бас тартатынын ескертті.

Егер Швеция Түркия қойған талаптарға байланысты альянсқа оның мүшелігі кейінге қалдырылған жағдайда, Финляндия да өз өтінішін қайтарып алады. Себебі, Швецияның ісі біздікі деп санаймын. Бұл біздің әріптестігіміздің мықтылығын көрсетеді, - деді Саули Ниинисте.

Столтенберг Финляндияға НАТО мүшелігіне Финляндияның өтінішін талқылау үшін сапармен келген болатын.

Еске салсақ, Украинада Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге өтініш берген болатын. Өткен аптада Түркия бұл екі ел үшін 10 шартты ұсынды. Оны орындау кезінде Анкара екі Скандинавия елінің НАТО-ға мүшелігіне вето қояды. Финляндия Ердоғанның талабын орындаудан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама