Ол қамауға алынды
Тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысқан шымкенттікті құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 30 жастағы тұрғынды қылмыс үстінде қолға түсірді. Ер адам марихуананы сатып алушылармен жеке кездесіп, қолдан қолға сатқан.
Күдіктінің есірткі таратушы жұмысын ғаламтордан тапқаны анықталды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, кіші дозаларға бөліп, өткізген. Сақшылар оны кезекті дозаларды таратуға шыққан кезінде ұстады, – делінген ақпаратта.
Ер адамның сөмкесінен 11 есірткі орамасы, ал пәтерінен марихуана салынған пластик ыдыс табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады.
Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ол есірткі өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.