×

Алматыда айыппұлы көп жігіт өзі мен көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Оның төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы – 1 миллион 300 мың теңге

 Халық үні 02.10.2024 | 19:58
фото: видеодан скриншот

Полицейлер 33 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалды. Оқиға 1 қазанда Алматының Түрксіб ауданындағы айып тұрағында болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:10-да арнайы патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru маркалы көлікті тоқтатқан.

Көлік иесінің төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы – 1 миллион 300 мың теңге. Сонымен қатар жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Мұндай жағдайда көлік арнайы айып тұрағына қойылуы керек екені атап өтілді.

Көрсетілген рәсімдерді тіркеу кезінде жүргізуші көлігінен бензин алып шығып, көлікті де, өзін де бензин құйып, өртеп жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Олар өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен отты сөндірді. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Көліктегі отты сөндіруге полицейлер мен оқиға куәгерлері қатысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама