Halyq Uni логотип
×

Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Санаулы күннен кейін Қазақстанда АЭС референдумы өтеді

 Қымбат Елтайқызы 02.10.2024 | 17:40
Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді
фото: Halyq Uni

Референдум күні Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Елімізде 2024 жылғы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтетіні белгілі. Осыған орай, азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін Шымкент қаласында 6 қазан күні барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, 6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Нақтырақ айтқанда, бір мыңға тарта қоғамдық көлік 80 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.

Аталған игі іс тасымалдаушы компаниялар тарапынан 2024 жылы 6 қазанда өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы күні таңертеңнен кешке дейін қала аумағында кез келген азамат қоғамдық көлікпен тегін жүре алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама