×

Израиль мен Ирандағы референдум учаскелері жабылды

Бұған дейін Ливанда референдум учаскесі ашылмайтыны айтылды

 Дәурен Ерболат 02.10.2024 | 16:36
Фото: BBC

Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделенуіне байланысты Израиль, Иран және Ливанда референдум учаскелері жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелері қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін орталық референдум комиссиясы Ливанда референдум учаскесі ашылмайтынын хабарлаған.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама