×

Қарағандыда 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Тағы бір заңбұзушылық анықталды

 Қымбат Елтайқызы 02.10.2024 | 14:30
фото: Қарағанды облысының полиция департаменті

Қарағандыда 10 миллион теңгеден астам сомаға вейп тәркіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 10 миллион теңгеден астам сомаға электрондық темекі (вейп) партиясын тәркіледі. Операция шегілмейтін темекі өнімдерінің және электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жүргізілді, деп мәлімдеді облыстық ПД.

Жоспарлы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 24 жастағы азамат тізгініндегі автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жалпы саны 1627 дана болатын 15 қорап электронды темекі өнімдері анықталып, тәркіленді. Аталған тауарларды ұсталғандар сатуға апара жатқаны белгілі болды. Заңсыз электрондық темекіні сату әрі тарату күдігі бойынша 21 мен 24 жас аралығындағы үш адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп қосты ведомство.

Биылғы 19 сәуірде Қазақстанда никотинді (вейптерді), сондай-ақ олар үшін сұйықтықтар тұтынудың электрондық жүйелері айналымына тыйым салатын заң қабылданып, ол 20 маусымда күшіне енді. Сақшылар азаматтарға заңнаманы сақтау қажеттігін және электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз саудасына қатысуға сақ болуды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама