×

Бангкокта екі қабатты мектеп автобусы өртеніп, 25 адам тірілей жанып кетті

Онда 38 бала мен 6 мұғалім болған

 Халық үні 02.10.2024 | 08:18
фото: REUTERS/Chalinee Thirasupa

Таиландта мұғалімдер мен оқушылар мінген екі қабатты автобус өртеніп кетті. Соның салдарынан 20-дан аса адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Белгілі болғаны, Бангкоктың шетінде оқушылар мен мұғалімдер мінген мектеп автобусы экскурсия кезінде өртеніп кеткен. Онда 38 бала мен 6 мұғалім болған. Болжам бойынша, 44 адамның 25-і көз жұмған. Көлік министрі Сурья Хуангроонгруангкиттің айтуынша, тағы 16 бала мен 3 мұғалім ауруханаға жеткізілген.

Өртенген автобус табиғи газбен жүретін көлік түрі екен. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мұғалімдер өрттің тез басталғанын айтты. Кейбір оқушы терезеден шығып, аман қалған. Қазір барлығын тексеріп жатырмыз, тіпті автобус компаниясының салғырттығы болуы мүмкін деген болжам бар, – дейді полиция бастығының міндетін атқарушы Киттират Фан Пхет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама