Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелесе кетті

Оған кейбір жүргізушілердің шекарада кезекті сақтамауы себеп болған

 Халық үні 01.10.2024 | 22:43
Қазақстан мен Қырғызстан жүргізушілері жаппай төбелесе кетті
фото: Pinterest

Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде Қазақстан мен Қырғызстаннан келген жүк көліктерінің жүргізушілері арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Менің қалам» басылымының мәліметінше, 1 қазанға қараған түні жүргізушілер өткізу пунктінде жанжал шығарған. Қақтығысқа кейбір жүргізушілердің шекарадан өту кезінде кезекті сақтамауы себеп болған. Бұл ақпаратты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

30 қыркүйекте Самара-Шымкент тасжолында кезек сақталмауына байланысты жүк көліктерінің жүргізушілері арасында болған жанжалға қатысты тергеу басталды, - делінген облыстық ПД мәлімдемесінде.

Қазір іс «Бұзақылық» бабы бойынша қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама