Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысының тұрғыны әйелін жындыханаға күштеп жатқызған

Қала прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалып отыр

 Халық үні 01.10.2024 | 19:53
Түркістан облысының тұрғыны әйелін жындыханаға күштеп жатқызған
фото: Halyq Uni

Түркістан облысында күйеуі әйелін күштеп, психикалық сауықтыру орталығына жатқызған деп хабарлайды Halyq Uni

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі екі досымен бірге оны байлап, Шымкенттегі облыстық психикалық денсаулық орталығына апарған. 

Күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, орталыққа әйелді ақыл-есі кем деген диагнозбен орналастырыпты. Сөйтіп, әйелі емханада үш күн жатқан. Сондай-ақ ол осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне куә болғанын да айтты.

Әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазып, полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда 2024 жылдың тамыз айында қылмыстық іс белгісіз себептермен жабылып қалған. 

Қазір Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама