×

Талғар тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған

Онда мефедрон есірткісі өндірілген

 Дәурен Ерболат 01.10.2024 | 13:52
Фото: Halyq Uni

Алматы облысы Талғар қаласында полиция тұрғын үй кешенінде есірткі зертханасы болғанын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

CMN.KZ мәліметінше, полиция пәтерден жалпы салмағы 336,33 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі мен 36,6 келі прекурсор тапты. 35 жастағы үйдің иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, биыл елімізде полиция шамамен 186 келі синтетикалық есірткі мен 2 тоннадан аса прекурсор тәркіледі. Тәртіп сақшылары 31 зертхананы анықтады. Оның 17-сінде синтетикалық есірткі өндірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама