×

Елімізде ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылды

Кеңестің жұмысын Энергетика министрлігі үйлестіреді

 Дәурен Ерболат 01.10.2024 | 12:58
Фото: akorda.kz

Премьер-министрдің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі «Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес құру туралы» өкіміне қол қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңестің құрамы келесідей:

  • Энергетика министрі, төраға;
  • Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары;
  • Энергетика вице-министрі, хатшы;
  • Парламент Сенатының депутаты;
  • Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • Денсаулық сақтау вице-министрі;
  • Көлік вице-министрі;
  • Қаржы вице-министрі;
  • Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • Ұлттық экономика вице-министрі;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
  • Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
  • Үкімет аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
  • «Президент іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК Ядролық медицина орталығының басшысы (келісім бойынша);
  • «Ұлттық ядролық орталығының» бас директоры (келісім бойынша);
  • «Ядролық физика институтының» бас директоры (келісім бойынша).

Сондай-ақ кеңес туралы ереже де бекітілді.

Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады.

Кеңес қызметінің мақсаты – ядролық физиканы (радиохимия) дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

Кеңестің жұмыс органы – Энергетика министрлігі. Кеңестің отырысы қажетіне қарай өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама