Елімізде ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылды
Кеңестің жұмысын Энергетика министрлігі үйлестіреді
Премьер-министрдің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі «Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес құру туралы» өкіміне қол қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңестің құрамы келесідей:
- Энергетика министрі, төраға;
- Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары;
- Энергетика вице-министрі, хатшы;
- Парламент Сенатының депутаты;
- Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
- Денсаулық сақтау вице-министрі;
- Көлік вице-министрі;
- Қаржы вице-министрі;
- Сыртқы істер министрінің орынбасары;
- Ұлттық экономика вице-министрі;
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
- Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
- Үкімет аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
- «Президент іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК Ядролық медицина орталығының басшысы (келісім бойынша);
- «Ұлттық ядролық орталығының» бас директоры (келісім бойынша);
- «Ядролық физика институтының» бас директоры (келісім бойынша).
Сондай-ақ кеңес туралы ереже де бекітілді.
Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады.
Кеңес қызметінің мақсаты – ядролық физиканы (радиохимия) дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Кеңестің жұмыс органы – Энергетика министрлігі. Кеңестің отырысы қажетіне қарай өткізіледі.