Жамбыл облысында көліктерді тонаған ұрылар ұсталды

Қымбат Елтайқызы

Олар бұндай қылмысқа бірнеше рет барған

фото: Halyq Uni

Жамбылдық тәртіп сақшылары автокөліктердің салонынан бірнеше рет ұрлық жасағандарды құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, жүргізушілердің жеке мүлкін ұрлаған күдіктілер қолға түсті.

Тараз қаласының полиция бөліміне бірнеше тұрғын автомобильдерінен жеке заттарының ұрланғаны туралы шағымданған. Белгісіз біреулер қала көшелеріндегі көлік тұрағына қойылған автокөліктерге жасырын кіріп, ішінде қалдырылған заттарды, сондай-ақ аккумуляторларды қолды еткен. Бұзақылар автомобильдердің терезелерін сындырып, есіктерді әртүрлі жолмен ашқан, – делінген ақпаратта.

Сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Тараз қаласының 17 мен 19 жастағы тұрғындары болып шықты. Олар кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.