Тағы бір есірткі қылмысы тіркелді
Шығыс Қазақстан облысында тұрғынның үйінен есірткі табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, факт «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.
41 жастағы ауыл тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес бұталар, өсімдік тектес заты бар 14 полимерлі пакет, сондай-ақ құрамында ұқсас заты бар 6 шыны банка мен 2 қағаз орамы табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар салмағы 1,5 келіден асатын кептірілген марихуана және бір келіге жуық кептірілген қарасора өсімдігі болып шықты, – делінген ақпаратта.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.