×

Шығыс Қазақстанда тұрғынның үйінен есірткі табылды

Тағы бір есірткі қылмысы тіркелді

 Қымбат Елтайқызы 01.10.2024 | 10:29
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында тұрғынның үйінен есірткі табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, факт «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

41 жастағы ауыл тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес бұталар, өсімдік тектес заты бар 14 полимерлі пакет, сондай-ақ құрамында ұқсас заты бар 6 шыны банка мен 2 қағаз орамы табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар салмағы 1,5 келіден асатын кептірілген марихуана және бір келіге жуық кептірілген қарасора өсімдігі болып шықты, – делінген ақпаратта.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама