Ұлттық ұлан сарбаздары төбелеске балтамен шыққан ер адамды ұстады
Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады
Оқиға Шымкент қаласының «Шығыс» шағын ауданында болған. Патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі адамның жанжалдасып жатқанын байқайды. Жандарына жақындаған кезде біреуі екіншісіне балтамен ұмтылған.
Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. Араласуға тура келді», - дейді патрульдік топтың бастығы, аға лейтенант Оразхан Орынбасар.
Тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілген.