Halyq Uni логотип
×

Астанада ішінде адам болған 5-қабаттағы балкон опырылып түсті

Әйел темір торлардан ұстап үлгеріп, аман қалған

 Халық үні 30.09.2024 | 23:24
Астанада ішінде адам болған 5-қабаттағы балкон опырылып түсті
фото: дереккөз

Патриот Telegram-арнасында Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде балконның құлағаны туралы видео пайда болған еді. Оқиғаның мән-жайын қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Жазбада Астанада көпқабатты үйдің 5-қабатындағы балконның құлағаны атап көрсетілген. Ал балконда тұрған әйел темір торлардан ұстап үлгеріп, аман қалған.

Оқиға орнына жеткенде құтқарушылар «Жарық» ПИК өкілдерімен бірлесіп, тұрғындар мен өтіп бара жатқандарға ықтимал қауіптердің алдын алу үшін қауіпті аумақты қоршады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, оның ішінде балкондарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша одан әрі жұмыстың «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үй иелері мен ПИК жауапкершілігінде екенін атап өткен жөн. Астана қаласының ТЖД осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Сарыарқа ауданының ТЖБ-ға, Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдады, - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство халықты тек тексерілген ақпаратқа сенуге және нақты деректерді алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама