×

Назым Қызайбай Олимпиададан кейін сыйға алған көліктерін сатып жатыр

Қаржылық қажеттіліктеріне байланысты осындай шешім қабылдаған

 Халық үні 30.09.2024 | 19:57
фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көліктердің екеуін сатуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетсек, Париждегі жеңісінен кейін демеушілер спортшыға 3 көлік сыйлаған болатын. Назым Zeekr мен Mini Cooper көліктерін сататынын жеткізді.

Айтуынша, ол қаржылық қажеттіліктеріне байланысты осындай шешім қабылдаған. Сонымен қатар, 3 көлікті бірден қолдануға мүмкіндігі жоқ екенін де атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама