1,6 мыңнан аса ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Павлодар облысында автожолда жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Павлодар-Шарбақты автожолының 25-шақырымында жылқылар қараусыз жайылып жүрген.
Сондай-ақ Атамекен-Русская поляна автожолының 38-шақырымында жылқылар жайылған. Иесіз мал айып тұрағына қамалды. Мал иелерін тәртіп сақшылары анықтады. Ауыл тұрғындарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген Павлодар облысы ПД хабарламасында.
Айта кетсек,өңірде жыл басынан бері 1630 мал иесі бақылаусыз жайылып жүрген малы үшін жазаланды.