Жамбыл облысында жолда жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды
1,6 мыңнан аса ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Павлодар облысында автожолда жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Павлодар-Шарбақты автожолының 25-шақырымында жылқылар қараусыз жайылып жүрген.
Сондай-ақ Атамекен-Русская поляна автожолының 38-шақырымында жылқылар жайылған. Иесіз мал айып тұрағына қамалды. Мал иелерін тәртіп сақшылары анықтады. Ауыл тұрғындарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген Павлодар облысы ПД хабарламасында.
Айта кетсек,өңірде жыл басынан бері 1630 мал иесі бақылаусыз жайылып жүрген малы үшін жазаланды.