Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Ақтауда мерзімді әскери қызметтегі 39 жастағы сарбаз пәтерінде өлі табылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, 1985 жылы жылы туған әскери қызметкердің денесі 28 қыркүйекте анықталды. Ол баласына қарау үшін демалыс алған.
Алдын ала ақпарат бойынша, әскери қызметкер үйдегі жанжалдан кейін өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек негізінде қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған Ақтау гарнизоны таратқан хабарламада.
Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Бұған дейін Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салғаны хабарланған еді.