Қазақстанда жасы 100-ден асқан қанша адам бар
Жасы ең ұзақ тұрғындар елдің оңтүстік өңірінде көп
Қазақстанда 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 адам тұрады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады. Ақ жаулықты әже биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, ең көп өмір сүретіндер елдің оңтүстік өңірінде көбірек орналасқан. Мәселен, Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша еліміздегі екінші орында Алматы қаласында. Қазір онда 100 жастан асқан 48 адам тұрады. Үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетсек, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы 45-сессияда жариялады.