Олардың не үшін келгені белгілі болды
Кеше түнде Алматы халықаралық әуежайының әскери секторына Тәжікстанның Ұлттық әскери контингенті келді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бітімгерлер ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024» бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.
Тәжікстан әскери қызметшілері біздің ел аумағына Душанбеден Қазақстан Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының ұшақтарымен жеткізілді, – деп қосты ведомство.
Олар бірден жаттығу өтетін «Берег» полигонына марш жасап жетті. Онда 1 қазанда оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.